Немерелерім – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Немерелерім» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 2078
Сәби күлкісі – сыңғыры қандай,
Сиқырлы дауыс, бұлбұлы қандай!
Жүрегі пәктің әр күні қардай,
Немерелерім, балапандарым!

Гүлге шомылып, шаттық төгіліп,
Жүрейік, күндерім, нұрға көміліп.

Алды-артымды олар орады, келіп,
Бейкүнә періште – жанары елік!
Күлімдеп, маған, қарады, келіп,
Немерелерім, балапандарым!

Мейірімді кездер – аяулы, неткен,
Бақ сұрап жүрген, баянды көктен!
Қыстан соң күліп, оянды, көктем,
Немерелерім, балапандарым.

Аппақ құстарым – қолыма қонды,
Шықтым, сыймағасын, торыма, енді!
Қызғалдақ екті, жолыма енді
Немерелерім, балапандарым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері