Өлең, жыр, ақындар

Құдайсыздар

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1113
Ертеректе өтсе керек бір заман,
Бопты халық танымаған Тәңірін,
Қарсы тұрып, тыңдамаған әмірін.
Тентек тобыр тулар ұстап мыңдаған,
Улап-шулап, қаруланып шығыпты.
Кілең есер ығайлар мен сығайлар
Ел ішінде арандатып бүлікті,
Айқайлапты ақылсыз деп Құдайлар.
«Елді дұрыс басқармайды бірі де,
Керек енді Құдайларды үйрету.
Шығып алып жақын таудың біріне,
Қиын емес таспен атып күйрету,
Садақпен-ақ тегістейміз Олимпті!».
Олимптіктер сезіп нағыз қауіпті,
Зевске кеп жалыныпты сол таңда,
Тыйым сал деп сойқанға.
Құдайлар да бұл секілді қойқаңға
Барғандарды төбелеп,
Көрсетпекші болыпты бір керемет.
Топан су ма, әлде көктің даңғыры?
Жаудыра ма әлде тастың жаңбырын?
«Сәл кідір! –
Деді Юпитер, – Қайтпағандар райдан,
Қорықпағандар Құдайынан күшті ұғып,
Болып шығар түбі ойран».
Осы кезде ауада ерен ысқырып,
Мың-сан тастар көкке қарай атылды.
Өздерінің тастарынан ақыры
Бүлікшілер қырылды сол алаңда.
* * *
Тап осындай сенімсіздік жаман да;
Ей, Адамдар, қараңдар,
Білгішсымақ алаяқтар әманда
Өздеріңді қарсы қойып Тәңірге,
Қуып тығар қабірге,
Нажағайдың отын бұрып табанда.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сын мен шын

  • 0
  • 0

Бұл күндері жүйке біткен жұқарған,
Қауіпті де, қатерді де күт алдан.
Қалтырайды қаңылтырдай қауқарсыз,
Серттен тайып, семсер сын да мұқалған.

Толық

Шаттанайық, кәнеки

  • 0
  • 0

Ақылыңа жарасымды
Көрген күннен көрінді,
Асау жүрек аласұрды,
Алып қойдың еркімді.

Толық

Сенемін саған

  • 0
  • 0

Терезені қар басып тұр,
Екеуміз отырмыз оңаша
Келер дейміз алмасып бір,
Көктемнің күндері тамаша.

Толық

Қарап көріңіз