Ақ жайық

Бұл бетте «Ақ жайық» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1100
Ақ жайық, ерке жайық, арман жайық,
Қанаты ұшқан құстың талған жайық.
Қыз жібек айна етіп дидарына,
Шідерін ақ боз аттың алған жайық.

Бұрымын жасыл талдан өрген жайық,
Маржанын ән мен жырдың терген жайық.
Көпірден ай сияқты алқа тағып,
Арасын қос құрлықтың бөлген жайық.

Сен жайлы естіп аңыз ьала жастан,
Бір қиял саған қарай ала қашқан.
Туылып күн шығыста сені аңсадым,
Мекеннің шалғайына қарамастан.

Үніңді естісем деп күркіреген,
Ұшатын қанаттанып шіркін өлең.
Жағаңа сәті түсіп келіп тұрмын,
Тілекке жетед дейді шын тілеген.

Шығады естен қалай сол ғажап түн,
Толқыдым жійегінде жар қабақтың.
Ағарып жатқаныңда сені көрдім,
Сүт қосқан шайы сынды бар қазақтың.

Ақ жайық, ерке жайық,арман жайық,
Қанаты ұшқан құстың талған жайық.
Арнаңа төгер болсақ тасимысың,
Кеудеміз сағынышқа толған жайық!…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ жайық өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Ақ жайық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ жайық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ жайық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері