Көгінен құс кете алмай еру қонған – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Көгінен құс кете алмай еру қонған» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 562
Көгінен құс кете алмай еру қонған,
Түбіне ай жете алмай зәру болған.
Арна ғып таудың төсін жатқан көлдің,
Реңі тотияиын, дәмі зәмзәм.

Таңы қызыл шымылдық,кеші балдай,
Бұлт шөккен нар түйелі көші бардай.
Жүзіңді шарлып өткен салқын лептің,
Асырар әсемдігін сесі бардай.

Өзінде бар тірлігі бір ғаламдай,
Толқынды толқын қуған құр қалардай.
Бір көл бар өр алтайда қанас дейтін,
Тым терең, әрі бійік тұлғалардай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері