Маяковский – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Маяковский» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4721
Өмір — мұхит кемесі күннің зырлар,
Ойға толы от қанат өтер жылдар.
Келер күндер жарқырар күмбезінде,
Маяковский шабытпен жазған жырлар.
Жаны теңіз, қиялы қыран құстай,
Туды ол поэзия туын ұстай.
Халқына берді соғып өлеңдерді,
Әрбір жолы бір ұлы құрылыстай.
Тасқындай келе жатқан жазғы маусым,
Уақыттың аршындатып жазды маршын.
Өлеңнің өлшемдерін бұзып тастап,
Естіртті заманаға өз дауысын.
Теңіз ойдың сөз толғап тереңінен,
Өмірді өлшеп өткір өлеңімен.
Лениннің дана ойын, зор тұлғасын,
Жалғыз сол өлең сөзде бере білген.
Ақыл-ой қопарылсын тың асқары,
Жойылсын поэзия рвачтары.
Көсем мен жұмысшының тіліндегі
Жасасын Маяковский жыр дастаны.
1950


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Маяковский өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Маяковский өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Маяковский өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Маяковский өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері