Лениннің жұмыс күні

Бұл бетте «Лениннің жұмыс күні» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1787
Жеңістің басшысы боп дабыл қағып,
Ленин көрген емес дамыл қағып.
Ғасырдың жанарындай түнңменен
Тұрады бөлмесінің шамы жанып.
Бір өзі табиғаттай жомарт кісі.
Әркімнің келеді оған қол артқысы.
Алдынан өтеді оның ақыл алып,
Атақты Алтай таудың болатшысы.
Білмейді дара-сыйды құрметіңді,
Барлығын жарылқайды күн секілді.
- Феликс Эдмундович, жолықты ма,
Сізге мен жіберіп ем бір жетімді.
Қырдың да ойдан шыққан жоқ егісі,
Малдың да жаюлы алда от-өрісі.
Аялап әр ананы алақанмен
Келеді әр сәбиді көтергісі.
Алдында тау көштері, көл тізбегі,
Түседі қаламының жерге іздері.
Ленин жүрегінен қуат алып,
Толқиды электрдің теңіздері.
Жұмыр жер арман болған алыстағы ай,
Ленин бөлмесінде табысқандай.
Төнеді столына күн секілді
Жаралған ойлау үшін қарыс маңдай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Лениннің жұмыс күні өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Лениннің жұмыс күні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Лениннің жұмыс күні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Лениннің жұмыс күні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері