Уақытқа – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Уақытқа» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2737
Көзімді алдың от боп жанған, маздаған,
Сөзімді алдың адам жанын қозғаған.
Үнімді алдың жоқтарды іздеп боздаған,
Өңімді алдың бүлдіршіндей тозбаған.
Жолымды алдың әлі алысқа бармаған,
Жырымды алдың әлі айтылып болмаған.
Жарар еді жүрегіме тимесең,
Бір күн тірлік ете алмаймын сүймесем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері