Өлең, жыр, ақындар

Мінезі құрсын ақынның

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2824
Мінезі құрсын ақынның!
Кейде бір мұңлы пақырмын,
Айтайын десем әнім жоқ,
Аунақшып босқа жатырмын.
Мінезі құрсын ақынның
Жау жүрек кейде батырмын.
Күлегеш суық сайтанға
Атылған оқ боп жатырмын.
Майысып жастан көрмеппін,
Сайысып тағы өлмеппін.
Өзім боп жүре беріппін
Кеңісін жайлап жер-көктің.
Жасқанып жастан көрмеппін,
Тауық боп тары термеппін.
Өзім боп жүре беріппін,
Өзгеге тағы сенбеппін.
Сиымсыз жаным, мінезім,
Ұғамын оны бір өзім.
Ұстамақ дейсіз күлкі етіп
Көзінде жұрттың кім өзін?
***
Дүние қызық емес құр жатқанға,
Тойдым мен ыржақтан да, қылжақтан да.
Жарқылдау жұрт алдында кімге керек
Бойында балта батпас мін жатқанда.
Масайрап, мәз болғаннан тапқаным не,
Шампанның бокалдарын құрғатқанға.
Кел енді, керемет бір өндірейін
Берейін сөзді ұйқаспен ырғақтарға.
Деймін мен, кейде отырып ақылды боп
Өкініп мезгілімді ұрлатқанға.
Сол ойым бірақ менің айдан аспас,
Одан соң айналамын сырғақтауға.
Аңсаймын түнгі қызық думанымды,
Елеңдеп ескі әдетпен күн батқанда,
Ұстатпас ұмтылсаң да, кетер қызық
Қаныңа қайта ерімес мұз қатқанда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мінезі құрсын ақынның өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Мінезі құрсын ақынның өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Мінезі құрсын ақынның өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мінезі құрсын ақынның өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері