Күздің күні – Нұрбол Құдайберген

Бұл бетте «Күздің күні» атты Нұрбол Құдайберген жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1156
Жібін жалғап үміттін іңкәрліктен,
Бағытынан жаңылмай кім бар күткен,
Ердің серті қашанда өлмейтінін,
Ұғындырып тұрғандай гүлзар біткен.
Жалын сүйсем мен қалай жанбай қалам,
Мен емеспін қалқатай жан байлаған
Қуанамын еректеу қуат алып,
Күзді күні гүл көрсем сарғаймаған.
Ия, Еркем жігерім жол құрады,
Тәңір ісі қаласа болдырады.
Мынау күздің суығы түк емес-ау,
Сенің үнсіз қалғаның тоңдырады...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері