Түсінем сенің қамыққан күйің – Нұрбол Құдайберген

Бұл бетте «Түсінем сенің қамыққан күйің» атты Нұрбол Құдайберген жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1025
Түсінем сенің қамыққан күйің,
Жалыққан миың шаршаған.
Күте де күте зарыққан қиын,
Күтумен өткен қанша адам.
Заманға мына күпті қып қойған,
көншімей қойды ау көңілің.
Жауапсыз жалған көк тіліп ойлан,
Солай да солай өмірің.
Нендей күш жіпсіз байлаған буып,
Іздеуге сонша құмармыз.
Уақыттың желі айдаған қуып,
Жоғалған жоқшы болармыз.
Отқа да жанып суға да батып,
Сарылып сүлде қалған ба?
Жетпей ақ тұр-ау бір ғана бақыт,
Жеткізбей қойған арманға!
Жасырған бетін күн шығар мүмкін,
Қап-қара бұлтты төндірген.
Табанға салып жаншыған бұл күн,
Үміт қой бізді өлтірген.
Жылдарды қайттік сүреңсіз жолы,
Санаға әжім түсірген.
Тағдыр ма тағдыр білерміз оны,
Көктемгі гүлді үсірген.
Сұрама сосын жылама-дағы,
Киесі жастың таусылған.
Адамның жаны сыналады әлі,
Сынағы бітпес маусымнан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері