Жұлдыз – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Жұлдыз» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2502
Өрмекшідей қыбырлап,
Аяқтары жыбырлап,
Түнде жұлдыз жүреді.
Тозған жерін көгінің,
Көкшіл торғын жібімен
Кайта торлап тігеді.
Күн шашырап бір кезде,
Көтерілер ілезде,
Жұрт ұйқысы қанғасын.
Тіледі ол жұлдыздың
Жүруі үшін күндіз күн,
Түнде тыным алмасын.

1955


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері