КЕЙДЕ
Желмая мініп, Жерұйық іздеп
Желді Асан*
Бізге де, мүмкін,келмеді,әлде
Келді Асан
Әйтпесе,неге Ертістің бойын көргенде:
«Байы: «бармын»-деп қарап отырмас
Кедейі: «жоқпын»-деп жылап отырмас
Сиырдың мүйізі қылтиған
Доңыздың құлағы қылтиған
Жер екен.»-деп
Баға берді Асан
Білмеймін,Баба, Жерұйықты таптың,таппадың
Қайтер ед бүгін жолыңды сенің жалғасам
Сен күллі елге іздедің Ұлы Жерұйық
Ал,мен содан өзіме титтей арнасам...
Оң қапталым- сал Күршім
Алып Ертіс-солымда
Темір етік – аяқта
Темір таяқ –қолымда
Құбыланы бетке алсам,
Нор Жайсаң** қалып соңымда
Қилы кезең жолығар
Мынау ұзақ жолымда...
Теңізді көктей өтермін
Құздан да асып кетермін
Темір етік тесіліп,
Темір таяқ тұқыл боп
Сақалым жер сыпырып
Доғадай белім бүкір боп
Күндерде бір күн болғанда
Жерұйыққа да жетермін!..
О-о,ғажап! Тағы-ғажап-ақ!
Жердегі жұмақ,жәннат- бұл
Жазудайын жазам-ақ
Жеткізе алмайд шолақ тіл
Бораны жоқ, қары жоқ
Жыл он екі ай-жаз екен
Не қажеттің бәрі көп
Тірлікке жандар мәз екен
Жәннатты көрмеу жарай ма,
Талай жерді кеземін
Бәрі жақсы,алайда,
Бір түйткілді сеземін
Мынау бір хансарайда
Ашиды кейде өзегім
Ақыры таптым: мен-бөтен
Жерұйық емес-өз елім
Шоқ түспейді кеудеме
Сұлудың сиқыр көзінен
Аквариумнан ақ балық-
Көргендейін сезінем
Сөз тәтті мұнда,су тәтті
Ауа тәтті, бу тәтті
Айран тәтті, нан тәтті
Жалған тәтті, жан тәтті
Қымыз тәтті, қыз тәтті
Бұрыш тәтті, тұз тәтті
Тәтті тұзды ас тәтті
Кілең бір тәп-тәттіден
Жүрек айнып, бас қатты!?.
Бас қатты, енді не етемін
Көрініп тұр-ау әр жерде
Мұнда бөтен екенім
«Ей-й, Құман,-деймін өзіме-
Жерұйық –сенің не теңің?
Тәттісі де- өзіне
Сәтті ісі де-өзіне
Елге қалай жетемін?..»
. . . . . . . . . . . . . .
Бұл қиял ғой.Ал,шыным-
Күршімнен қайда кетемін!..
Асан*- АсанҚайғы
Нор Жайсаң**-Зайсан көлінің бұрынғы атауы
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі