Көңіл күйі – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Көңіл күйі» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 3784
Отырмын теңіз бойында,
Ойнайды дауыл ойымда.
Соғады толқын шың, жарды,
Шертеді көңілім мұңлы әнді.
Достарым қандай көп еді...
Көбісі соның жоқ енді.
Көпірген теңіз төңірегім,
Күрсінбейді жел тегін.

1955


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері