Көшкен елдің жұртында қалдым ұмыт – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Көшкен елдің жұртында қалдым ұмыт» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 833
Көшкен елдің жұртында қалдым ұмыт,
Арты жабы тірліктің, алды күлік.
Шалқасынан жатып кеп ойланды да,
Ай боп көкке ырғылды тарғыл үміт.
Қара саздың қамығып қамыстары,
Бірте-бірте көзімнен алыстады.
Лүпілдеген жүректің соғысымен
Шектеседі домбыра қағыстары.
Жастығымның төріне өркен іліп,
Сен де күліп келмейсің, мен де күліп.
Жабықтым да, үн-түнсіз күйге көштім,
Қасқыр болып ай жаққа көргем ұлып.
Солай қалқам, тағы үнсіз күйге көштім,
Мені күтіп алмайды үйден ешкім.
Көрермені ең соңғы мен болармын
Жемістері таусылған жиде көштің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері