Өткен күнге экспромт – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Өткен күнге экспромт» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.06.2022
  • 0
  • 0
  • 600
Қайық деп мiнгенiм
Табыт болды.
Гүлтәж деп кигенiм
Қамыт болды.
Бал деп жегенiм
Желiм болды.
Көргенiм –
Өлiм болды.
Қараған тесiгiм
Көрдiң тесiгi болды.
Қаққан есiгiм
Түрменiң есiгi болды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері