Саған – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Саған» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.06.2022
  • 0
  • 0
  • 811
Бұқадай басыңды шайқап
Жұлқынып тұрғаныңа қарап,
Ұмтылып тұрғаныңа қарап
Қорқатын едiм.
Жарып тастай ма деп
Аяғымды тартатын едiм, –
Ұқтым:
Мүйiзiң
Киiз боп шықты.
Күнге шағылысып
Жарқырап тұрғаныңа қарап
Кемел деп ойлап ем,
Терең деп ойлап ем, –
Ұқтым:
Тобықтан келмейтiн
Тайыз боп шықтың.
Талтайып тұрғаныңа қарап
Тұлғаңа тоймайтын едiм.
Жартас деп ойлайтын едiм, –
Ұқтым:
Жүн толтырған
Қанар боп шықтың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері