Кешегі күн қасіреті – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Кешегі күн қасіреті» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1019
Өзгенi айтсам
Қол жетпейтiн
Аспан мен таудай еттiм.
Өзiмдi айтсам
Өңменiнен итерiп,
Өзегiнен теуiп
Жаудай еттiм.
«Ағамыз» ақырса
Бақшадағы
Шоқпыт қарақшыдай
Жалбаң қақтым.
Шақырса
Боқтық көрген қарғадай
Қалбаң қақтым.
Арқамнан қақса
Туысымды ұстап бердiм.
Кеудеме
Темiрiн тақса
Қойнына қыз сап бердiм.
Жасыл жайлауым
Сортаң мен сораң болды.
Қазғаным –
Өзiмнiң көрiм,
Көмгенiм –
Өзiмнiң молам болды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері