Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Маңдайын оқ тескен қасқа туралы жыр

Бұл бетте «Маңдайын оқ тескен қасқа туралы жыр» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1237
"Көру керек, көру керек келгесін", —
қарт күрсінді у-шу болып кеудесі.
ауыр тыныс алдым білем мен де осы.
Қадалатын сықылды ғой оқ түрлі,
оқ ізіне қарап біреу көп тұрды.
Тітіркендім,
шымыр етті маңдайым,
біреу менің көк желкемнен жөткірді.
Кім қалды екен жауған оқтың астында?!
көзі болса батар еді тас мұңға!
Кім киді екен мынау темір телпекті?
Тағдыр оғы, ей, адамды басқа ұрма!
Майдан десе ораласың сен еске:
ер бейнесі, ал, елесте, елесте!
...Сол бір жылы Москваның түбінде
менің әкем киген каска емес пе?!
Қайықшының қолы неткен көк еді,
көк каскамен қайық суын төгеді.
Оқ ізінен су шүмектеп кетеді
жанды үркітіп, шошындырып денені.
Сөз ажалы таңдайынан деп еді,
ер ажалы маңдайынан деп еді,
"...ерлікпенен қаза тапты" деп еді —
көз алдыма "қара қағаз" келеді.
Сүйір тілге кетті бір сөз орала:
"мынауыңыз обал, дедім, обал, ә? —
Соғыс өлді, ер тірі ғой, ер тірі,
бас киіммен су төгуге бола ма!" —
Mac қайықшы тіл қатуға ерінді,
кіржің етті: не сыбады, не күлді?!
Сонда маған қолындағы каска емес,
бас сүйегі секілденіп көрінді.
Аруақты қадыр тұтқан жұрт едік,
аза салдық қара аспанды бүркеніп,
"не боп кеттік", — деп күрсіндім салмақпен...
айқай салдым — үнім шықпай қалды әттең!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Маңдайын оқ тескен қасқа туралы жыр өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Маңдайын оқ тескен қасқа туралы жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Маңдайын оқ тескен қасқа туралы жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Маңдайын оқ тескен қасқа туралы жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері