Тілек – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Тілек» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1041
Ей, шөпбасы, шөпбасым-ай, шөпбасы,
үп еткенге елпең қақпай, тоқташы.
Жаяу-құйып, өрепкімей қоя тұр,
сен де, өкпек жел, өтірікті соқпашы!
Тіліп айтар тектім болсаң — топқа шық,
уа, топқа шық,
алайықшы бетті ашып.
Көлеңкелер, намаздыгер шақта осы,
сен де жоғал, қараң-құраң боп қашып.
Доп сенде екен —
ал, ұра ғой, қақпа ашық,
командам жоқ қарсы ойнайтын жақтасып.
Күнде бүйтіп шыжғырғанша шоқ басып
бір-ақ өртеп бітіретін жаққа шық!
Шуақ өпкен күнгей жақтың көк тасы
сен екенсің —
бет жылтырын сатпашы.
Сақтар болсаң, жалғыз ием — жалқы елім,
мені осынау жылтырлардан сақташы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері