Гүлді сүйдім шілденің аптабында – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Гүлді сүйдім шілденің аптабында» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 746
Гүлді сүйдім шілденің аптабында,
Түнді сүйдім сәуірдің ақ таңында.
Менің бала күндерім қалқып ұшты
Жазғы бақтың үлбіреп бақбағында.
Қалқып ұшты, қайтадан оралмады,
Жолаушыға жөн сілтеп жол арналы.
Балаң күнді іздедім жаһан кездім,
Мейіріне анамның оранғалы.
Балаң күнім дегенім анам екен,
Бақытты едім ол күнде алабөтен.
Елге барсам, мен тұрған үйді көріп,
Қақпасына Бақыттың қарап өтем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері