Көктем таңы. Сұлу дала – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Көктем таңы. Сұлу дала» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 963
Көктем таңы. Сұлу дала.
Көк пүлішпен көмкерілген.
Торғын аспан күліп қана
Тұр шатырдай төңкерілген.
Махаббатты әлемдегі
Оятқандай белгі етіп.
Нұр тәңірісі — күн оянды,
Жер жүрегін елжіретіп.

1960 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері