Дүлей дауыл, дыбысы дамылдаған – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Дүлей дауыл, дыбысы дамылдаған» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 862
Дүлей дауыл, дыбысы дамылдаған,
Ария боп жетеді әнің маған.
Көздің жасын көлкітіп бара жатыр,
Сағынышын баса алмай жалын далам.
Несіне ұзақ болмайды күннің бәрі,
Неге ерімей жатпайды жылдың қары?
Сап түзеген түп-түзу жасыл талдар
Жер бетінің мәңгілік тұрғындары.
Сап түзедің сен-дағы, сағана там,
Арман жырын айтады саған Отан.
Сағана там, саяңнан ұзамайын,
Өсиет қып қалдырған маған атам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері