Өлең, жыр, ақындар

Жүрегім

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 686
Жезкиіктей жел қуған желігіп тым,
Ә, Жүрегім,
Айта бер, нені күттің?!
Көптен бері көрінбей кеткенің не,
Еске салып жіберші, нені ұмыттым?!
Иә, айтпақшы,
Кешірім өтінемін,
Құрсауында қалдырсам сені үміттің.

Таңдай қағып көп еді тамсанарың.
Қонбаса да қолыңа аңсағаның,
Қаншама рет бетіңді қайтарсам да,
Күтуден-ақ, әйтеуір, шаршамадың.

Өлең деген өзгеше құт қонғалы,
Кішірейді-ау шаттығың шықтан да әрі.
Түгел жұрты қиналып жатқан болар,
Үміт деген ау(ы)лыңда жұт болғалы.

Мән бермепсің болса да майда шүбә,
Алданған ең сезімнің айласына.
Әлгі дауды ұмытпай жүрсің бе әлі,
Шешіп берген намыстың пайдасына?!
(Сені ойлайтын адамдар қайда сірә?!)

Тірлігінен түршігіп жымысқының,
Көп аңсайсың бұ ғұмыр тыныштығын.
Саған сеніп тапсырам. Сақтай жүрші
Көңілде өлген сәуленің бір ұшқынын.

Дайын тұрар тіленіп қамығарға,
Бас имейтін ақылға бағынарда,
Ұнамаса үндемей қоятұғын,
Мылқау мұңың баяғы әлі барма?!

Шықпай жатып айтатын жалғанға үнің,
Қорқам,
Туса бір шетте қалған күнің.
Өз түбіңе жетпесін, абайлашы,
Ашық ауыз аңқиған аңғалдығың.

Жезкиіктей жел қуған желігіп тым,
Айтпайсың ба ақыры
Нені күттің?!
Қарғап-сілеп қоярсың мені бәлкім,
Қапасына қалғанда тегі үміттің.
Ессіз кеткен егеңді кешіп қойшы,
Сөйтсем мен зерігіппін...
Зерігіппін!
(Зерігеді дәл бұлай егіліп кім?!)

Иә, мен барлығынан жерініп тым,
Сенен басқа жақыным жоғын ұқтым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Барлығы да баяғыдай

  • 0
  • 0

Барлығы да баяғыдай:
Бақытсыз бақ. Орнында әлі тас мүсін.
Махаббатқа масайратып мас құсын,
Тырналардан түзіп аспан тәспісін

Толық

Өзеуреген өткелсіз өзен боламын

  • 0
  • 0

Өзеуреген өткелсіз өзен боламын,
Екпініме, сірә, бұл төзер ме адамым?!
Сүймеші деп азар да безер боламын.
(Бірақ сен сүй!)

Толық

Сіз де мені сұрайсыз ба Тәңірден?

  • 0
  • 0

Сіз де мені сұрайсыз ба Тәңірден?
(«Ей, сұмырай!»
Не тіршілік мынауым?)
Мынау неткен хабарсыз күн, алаңсыз.

Толық

Қарап көріңіз