Шөлмекті қойшы – Айдана Қайсарбекқызы

Бұл бетте «Шөлмекті қойшы» атты Айдана Қайсарбекқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1012
Шөлмекті қойшы,
Шөлмекті қойшы
Өлмекті неге айтпадың?
Шөлмекті қойшы,
Көрмекке мінез жәйттарын
Айтпадың неге бейкүнә анау ойыңның,
Ғашықтықтың да қақпасын қағып қайтқанын?!

Естілмейтіндей көзіңнің үнін жасырдың...
Мазамды неге қашырдың?!
Қолыңды берші, түкіріп қана келейік
Сорлылығына ғаламат мынау ғасырдың!

Түтінді қойшы,
Түтінді қойшы
Үкімді неге айтпадың?
Түтінді қойшы,
Талқылап тағдыр жәйттарын
Айтпадың неге бейкүнә мына қолыңның,
Сұлу сезімнің бұрымын өріп қайтқанын!?

Көрінбейтіндей сөзіңнің нұрын жасырдың...
Мазамды неге қашырдың!?
Қолыңды берші, боқтайық бірге бейуақ
Былығын айтып ғаламат мынау ғасырдың!

Түтінді қойшы,
Түтінді қойшы
Алаудан мен де қайтқамын...
Шөлмекті қойшы
Көрмекке жырдың жәйттарын,
Айтпадың неге ғашық та болғың келгенін;
Түтінді қойшы,
Шүкірді неге айтпадың?

Айтпадың неге,
Қайтпадым, неге қашырдың?
Жанына жолдас болмадық неге Жасылдың?
Қолыңды берші, азырақ мақтап келейік
Құдайшылдығын ақымақ мынау ғасырдың!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шөлмекті қойшы өлеңінің авторы кім?

Айдана Қайсарбекқызы — осы өлеңнің авторы.

Шөлмекті қойшы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шөлмекті қойшы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айдана Қайсарбекқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шөлмекті қойшы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері