Метро – Айдана Қайсарбекқызы

Бұл бетте «Метро» атты Айдана Қайсарбекқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 884
Жасанды жарықтың саңырау сәулесі
Жалаған рельстің жылтыры көзде ойнап,
Сөзді ойлап кетсем бе
Жоқ әлде,
Оранар бөзді ойлап кетсем бе?!
Қанша азап шексең де
Ойыңда қу тірлік әуресі...

Сезімің ойыншық боп шығар соңында,
Қап-қара әйнектен қадалған көз айтты!
Тез айтты ғұмырдың жалғанын,
Және де
Алдыңда аз уақыт қалғанын...
Танымнан бәрібір танбадың
Өмірдің өтірік жолында...

Аз ғана сезімнен татқың кеп өзіңше
Жұтынып келіп ең еріксіз сапарға.
Жат ол да! Күтіпті кім сені?
Айт кәні?!
Бұл сапар бейбақтың бітпейтін бүрсеңі.
Шайтан да көреді құл сені
Сәжделі пәк кейіп періште көзінше...

Сенімдер, келіңдер, өлім бар, көріңдер,
Беріңдер бір жауап сұраққа мидағы.
Қинады деме сен, ішіме симады.
Ол ол ма?!
Жазықсыз тағдырды жаныма жинады
Солар ғой... өлімге қимады
Тұраққа жыр сіңген жүректің төрін бер?!

Уәделі күн келер, әуелі сын келер
Жыр да өлер жүректер түгелдей тоқтаса.
Тамбаса сол кезде көзімнен көп тамшы
Оқталшы
Тағы да бақытты қылуға?
Бұрынғыдағыдай жалғызым боп қалшы!
Әйтпесе жасымды кім көрер?
Иә, Құдай?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Метро өлеңінің авторы кім?

Айдана Қайсарбекқызы — осы өлеңнің авторы.

Метро өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Метро өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айдана Қайсарбекқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Метро өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері