Күйінгем жоқ, күйім ғана кеткені
Бұл бетте «Күйінгем жоқ, күйім ғана кеткені» атты Айдана Қайсарбекқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күйінгем жоқ, күйім ғана кеткені -
Әкем маған, шешем маған өкпелі,
Жанарынан Ертіс тасып есерсоқ.
Кешіріңіз мені, Жүрек, көкөрім
Көптен бері көбейе алмай сенерің
Сен де күлдің, сенде күлді кек тегі...
Енді кімге өкпелейік, Өлеңім?!
Иілгем де, иілгем де жоқ тегі -
Әкем маған шешем маған өкпелі,
Жүрегімен Есіл аңқып есірер...
Кешіріңіз, ғалам, мені есімсіз,
Кешіріңіз, ғалам, мені есімсіз,
Кешіріңіз, ғалам, мені есімсіз,
Күнәм да жоқ, кінәм да жоқ кешірер -
Кешіресіз онда мені несін сіз?!
Сүйінгем де, сүйілгем де жоқ тегі -
Әкем маған шешем маған өкпелі,
Әму сүйген әмірдейін ән төксем...
Кешіріңіз, адам, мені аяулы:
Кешіріңіз сүйгендігім үшін де,
Тәңірге бас игендігім үшін де,
Кешіріңіз, адам, мені...
Алданбаңыз, табыныңыз;
Армандаңыз, сағыныңыз...
Кешіріңіз!
Армандаңыз, сағыныңыз...
Тек мені
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі