Бұл өмірде көремін деп көп қызық
Бұл бетте «Бұл өмірде көремін деп көп қызық» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұл өмірде көремін деп көп қызық,
Алыппын ғой уақытты өткізіп.
Азды-көпті жазғаныммен тірлікте
Айта алдым ба ойларымды жеткізіп.
Алайда, мен асынып та тасынып,
Айтқан емен Алла алдында асылық.
Азды-көпті жазғанымды ел білсе,
Оны ешкім өшіре алмас жасырып.
Мадақтасам қырдың қызыл қырмызын –
Сүйгендігім сұлулардың нұр жүзін.
Әнге айналып жатса кейбір сөздерім –
Ол да менің Алла берген ырзығым.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі