Өлең, жыр, ақындар

Мен ғашықпын, аяулым, отты демге

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1054
Мен ғашықпын, аяулым, отты демге,
Отты демім отыз боп өтті менде.
Қарындастың қарақат көзі сынды
Көктем келіп қалғанда көп түменге.
Жылдарымнан шырайы шапағатты,
Мен күтемін шынайы махаббатты.
Өкінішті мезгілдің тарамынан
Өмір – өзен өксіді, қатар ақты.
Табу керек қорғаған, қолдағанды,
Жүрегінен шын сәлем жолдағанды.
Ең шынайы махаббат мәңгілік қой,
Аспандағы алтын күн ол да мәңгі.
Аспандағы алтын күн мәңгілік қой,
Әуенге сал әдемі, ән қылып қой.
Құс базары басталса көктем сайын,
Жартас жақта өтеді жаңғырып той.
Қайран жаңбыр, ақ қарға ауысып өт,
Даңғазалы ғұмырсың дабысы көп.
Дүниенің дидары дірілдеп тұр
Рамазанның әдемі дауысы боп.
Аңсаймын кеп, іздеймін бір қаланы,
Тамашасын талықсып жырлағанды.
Саған да алғыс айтамын өкпелемей,
Шытырманды тағдырым, шырғалаңды.
Шарықтайды шағала шабыттанып,
Бауырында аппақ нұр ағып-тамып,
Еркіндігін таныған елің сынды
Шалқы, тербел, сен-дағы қалықта, бұлт!
Жалын тілі шақпақтан шалқып ұшып,
Аймаласып аспанмен, алқынысып.
Аңызақта аңқасы кепті әлемнің,
Ақ саумалын аспанның тартып ішіп.
Ұнатамын тамылжып таң атқанын,
Құлпырады, өйткені, жәнат бағым.
Армандарын айтуға асығады
Басылмайтын қызуы жан аптабым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Менің сорлы жүрегім мәңгі ғашық

  • 0
  • 0

Менің сорлы жүрегім мәңгі ғашық,
Күз боп шалқып, кетеді ол әнге ұласып.
Алма ағашы жұпарын бұрқыратып,
Аппақ гүлі төгіліп, талды басып.

Толық

Сені көрдім өмірдің ауласында

  • 0
  • 0

Сені көрдім өмірдің ауласында,
Жарқыраған күн тұрды тау басында.
Сұлу бейнең сурет боп дірілдеді
Шыр айналған құдықтың қауғасында.

Толық

Мен құл емеспін

  • 0
  • 0

Мен құл емеспін,
Мен күң емеспін,
Жетегімен жүргем жоқ құр елестің.
Ауытқыған заманның мұңын кешіп,

Толық

Басқа да жазбалар