Өлең, жыр, ақындар

Тарих сабағының мұғалімі

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 824
Ауылдық жер.
Шулы апрель көктеп тұр.
Тар бөлмесi
жетi жылдық мектептiң.
Отырамыз шегемен
атымызды тырнап жазған партада.
Қадаламыз
қуаңшылық жылдардағы алқаптай
сызықтармен, белгiмен
шытынаған, жарылған
физикалық картаға.
Ауылдық жер.
Шулы апрель көктеп тұр.
Тар белмесi
жетi жылдық мектептiң.
Айта-айта соғысты
тауысып ап
төзiм менен шыдамын,
карта алдында тұратын
бiр қолы жоқ мұғалiм.
Тұнжырайтын
қиын сол бiр шақты ойлап
қыртысы жоқ —
созылмаған, бүгiлiп
қолсыз жеңдi
қалтасына сап қойған.
Жатқа соғып
Шабуыл мен
қоршаулардың ай, күнiн
шақыратын
жауынгерлiк айбынын.
Қағылатын
қара қасы кейде бiр
қанатындай қайғының.
Қарап бiзге
шетiмiзден жағалап
айтып-айтып
ентiгiп
демiн ауыр алатын,
дейтiн сонан кейiн ол:
барлық әлем,
бар адам ұмытпауы керек
ТАРИХ САБАҒЫН.
Кенет оқыс
таяқшасын көтерiп
көгеретiн
iшiн тартып жөтелiп.
Сүртiп жатып
жас шылаған жанарын
қайталайтын тағы да:
барлық әлем,
бар адам
ұмытпауы керек
ТАРИХ САБАҒЫН.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұлттық ойындар

  • 0
  • 0

...Семсер боп намыс — табанда, –
жүректi кетер тiлiп бiр —
айқасып аттың үстiнде
бiреуi бiрiн ала алмай

Толық

Тұтқындар

  • 0
  • 0

Айтар кезде –
Ешқашан да бұққым жоқ.
Айтар кезде –
Ешқашан да бүккiм жоқ.

Толық

Бұл не пәле!

  • 0
  • 0

Жылаған сайын
Күлдім.
Күлген сайын
Жыладым.

Толық