Нәресте дүниеге келген күн – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Нәресте дүниеге келген күн» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 643
Дүниеге келген күнi нәресте
күнде өзiмiз еститiн
оқиғалар болып жатты ерекше:
боран болып бiр жерлерде iркiлдi iс;
қиырында аспанның
жарқ еткiзiп көзiн ашты бiр жұлдыз;
қанаттас ел бiр-бiрiне тап берiп
адам, адам жатты өлiп;
бұрын-соңды естiмеген ешкiм де
дауыл соқты Тынық мұхит үстiнде;
қанша тiрлiк, қанша үмiттi жалмаған
жарылды ғой сол күнi де бомбалар;
бiр елдерде пулеметтер абалап,
бiр жерлерде жер сiлкiндi ғаламат.
Дүниеге келген күнi нәресте,
күнде өзiмiз еститiн
оқиғалар болып жатты ерекше.
Әлем-жәлем бояулардай құбылып,
сумаң қақты суық сөздер сұғынып...
Бiр уыс боп жатты сол бiр нәресте
апасының бауырына тығылып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері