Желтоқсан желі
Бұл бетте «Желтоқсан желі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әнін жазған Әбиірбек Тінәлі
Желтоқсан бірде,
Ел тосқан күйде
Келетін мүлде жайдары.
Сол жылы, бірақ,
Әдеттен жырақ
Көрінді тым-ақ айбарлы.
Қ а й ы р м а с ы :
Тондырды мені,
Тондырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.
Жоғалтып нуын,
Жоғалтып қуын,
Арал да суын тауысты.
Қаңырап мекен,
Аңырап бөкен,
Өріске бөтен ауысты.
Қайырмасы.
Бабалар өлер,
Балалар келер,
Аналар берер тіршілік.
Гүлденер дала,
Түрленер қала,
Бұтаққа жаңа бүр шығып.
Қайырмасы.
Саналы жұртым,
Бағалы бұл күн,
Жігерлен, сілкін, егілме.
Азат күн туы –
Қазақтың туы
Қанатын жайды көгінде.
Қайырмасы.
Кушты
Маған қатты ұнады себебі оңай,күшті,тез жаттап аласың мен мектепте маған апай желтоқсан желі дегенді жаттап кел деді сол үшін мен жаттадым маған қатты ұнады мен сіздерді қатты жақсы көрем осылай жаттаулар шығарып жатқандарыңыз қуаныштымын шаршамай біз үшін жазып жатырсыздар біздің білімізді қолдап жатқандарыңызға мың алғыс тілеймін????????
Жақсы ????
Күшті
Кушты
Аллаға шүкір бұл өлеңді умытпаимыз
Өте керемет
Өье керемет, күшті ата—бабаларымыз өз қаның төкті біз ұшін!
Өте күшті екен
Куш
Бұл өлеңде желтоқсан оқиғасы туралы жазылған.Мән мағынасы өте тереңде.Қазақтың әрбір саналы ұлтжанды баласы осы өлеңге беймарал қарамас
Супер спасибо
Бұл өлеңді көзге жас алмай айту мүмкін емес!
Ия бұны естісем жылағым келіп кетеді.Сол үшін бұл өлең маған ұнайды
өте керемет❤
күшті
Ех қазағым 16 желтоқсан болмай жатып шырша құрған қазағым
күшті мықты
Керемет
Бұл маған қатты ұнайды себебі бұл өлеңмен домбыра тартып атқан ұнайды
Өте күшті
Арғы атамның арнауы өте әсерлі,тіпті осыны толық жаттап та алғанмын!
Бұл өленнін мазмұны өте үлкен тіпті естесем жылағым келеді
кім
Өте әсерлі! «Желтоқсан желі» әнінің сөзі Абдрахман Асылбектен, әні Әбиірбек Тінәліден – қазақтың тәуелсіздік жолындағы қайғы мен жеңістің үлгісі. Желтоқсанның ызғары табиғатты да, көңілді де солдырғаны қандай шынайы суреттелген! «Саналы жұртым, бағалы бұл күн, жігерлен, сілкін, егілме» дегені әрқашан шабыт береді. Желтоқсан құрбандарын еске алатындарға міндетті түрде оқу керек!
Жаман
«Желтоқсан желі» — Абдрахман Асылбек жазған өлең, қазақтың тәуелсіздікке деген махаббаты мен азаттық рухын сезіндіретін көркем шығарма.
Бұл өлеңде Желтоқсан оқиғасының әсері, елдің арманы мен ерік-жігері нәзік поэтикалық тілмен берілген. Ол ұлттық бірлік пен батырлықты жырға қосып, оқырманға тіл мен жүрекке жол жүретін мағыналы сөздер арқылы рухани әсер қалдырады.
Өлеңнің қайырмасы мен бейнелі тілдері қазақтың елдік пен азаттық тарихымен үндеседі, сондықтан бұл туынды оқушыларға, жас оқырманға және әдебиет сүйер қауымға ерекше ой тудырады.
Осындай қазақы рухтағы, мәні терең өлеңдер интернетте көп-көп жарияланса, қазақ әдебиеті мен тілінің дамуына үлкен үлес қосары сөзсіз.
Кушты екен👍