Өлең, жыр, ақындар

Күзгі молшылық

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 560
Күз...
Адамды көтерiп
барады желiк бiр.
Дүние толықсып
кемелге келiп тұр.
Газеттер шығады
ұранмен:
«Қалмасын жалғыз дән»
Құшаққа симайды
байлауда семiрген
қауын мен қарбыздар.
Толады қамбалар.
Жүредi алқапта
күн-түнi қалың ел.
Торсиған алмалар
үзiлер бұтақтан
тартылыс заңымен.
Молшылық күзi бұл,
айнала толған үн.
Сөз алар кезi бұл
центнер, тоннаның.
Адамды көтерiп
барады желiк бiр...
Дүние толықсып
кемелге келiп тұр.
Кейде бiр сауылдап
құяды жауын да...
Кеткендей Жердiң де
ұлғайып көлемi,
салмағы ауырлап.
Жер шары үстiне
тастаған шандып бiр
молшылық жүктерiн,—
үзiлiп кетердей
ендiк пен бойлықтың
керiлер жiптерi.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көршілерім

  • 0
  • 0

Ертеректе
Каспиймен көрші болдым.
Енді қазір
Алатаумен көршімін.

Толық

Әупілдек

  • 0
  • 0

Жылдарым — жадау,
Айларым – жүдеу,
Кім келіп
Қолтықтан демейді?!...

Толық

Үрей

  • 0
  • 0

Өрттей тұтанды —
Қайдағы-жайдағы...
Бір елді түп-түгел
Үрей жайлады.

Толық

Қарап көріңіз