Өлең, жыр, ақындар

Киіз үй

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1042
Дүйсенбекке

Орман да емес мекенiң.
Аңғар да емес мекенiң.
Жарлар да емес мекенiң.
Кеңiстiк — сенiң, мекенiң.
Кеңiстiк — сенiң мекенiң.
Үдере көшкен жерiнен
қантөгiс, қатал шақтарда,
мiнезiң сенiң әлi де
ежелгi қыпшақ,
сақтардай.
Арқайын жатқан кезiң жоқ,
тұрасың, әмән,
күтiнiп,
кез келген сәтке әзiр боп
буынып киiз күпiнi.
Бiр жола қоршап қамалмен
қояр ек сенi шарлатпай.
Бiр уыс денең, амал не,
сыймайды аула, шарбаққа.
Сiрә да сәнiң бола ма, —
өлгенiң онда мың жасап! —
шықпасаң жапан далаға
көкжиек қоршап тұрмаса.
Елемей күздiң ызғарын
жатпайсың, iздеп тасаны.
Сел сiлкiсе сызданып,
жел жұлқыса қасарып
тұрасың жапан далада
қалмастан ойпаң, қойнауда, –
шөлдердi кезiп аралап
қонасың жасыл жайлауға!..
Кей кезде ойға батасың,
Құбылып төрт жақ құбылаң,
сағынып жырды жатасың
шомылып Айдың нұрына.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Наза

  • 0
  • 0

Бұған ендi көнбе мейлi,
көн мейлi
бұған ендi сенбе мейлi,
сен мейлi –

Толық

Телемұнара

  • 0
  • 0

Денесiн сөздер аралап
таратқан үнiн жаршы ғып –
аспанға тұр ол
ғаламат

Толық

Құрық

  • 0
  • 0

Қара тасты тозаң ғып,
бiр-ақ ырғып кермеден,
жүрген небiр асаулық
күнге қарап кiсiнеп,

Толық