Көкшеде – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Көкшеде» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2206
Көліне түстім Көкшенің
Көбікпен ойнап балаша,
Толқынмен кеттім таласа,
Тамаша, қандай тамаша! .
Тауына шықтым Көкшенің
Тасымен ойнап балаша.
Тағысымен таласа,
Тамаша, қандай тамаша!
Қарағай тілін ұғындым,
Қайыннан ғажап сыр алдым;
Құзынан астым қыранның,
Ұясын таптым қиялдың.

1955


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері