Өлең, жыр, ақындар

Бір ауданда болған ахуал

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1315
Жазбас та едім фельетонды,
Қолға алмасам телефонды,
Қолға алып ем телефонды,
Мынадай бір қызық болды.
Әуелі аздап ыңылдады,
Бара-бара гуілдеді.
Аздан кейін музыкалы
Күйлі дауыс дірілдеді,
Басқа дауыс білінбеді.
— Алло, алло, город! — деймін,
Аллолаудан зерікпеймін.
Әзір дауыс қарлыққан жоқ,
Айқайлауға беріктей.
Сылдырлаттым, қоңырау қақтым
Үстін-үстін омыраулаттым.
Айқай-сүрең салып жүріп,
Бір дауысты зорға таптым.
Таптым дағы: Жетпіс-сексен! —
Дегенім тағы — сегіз... "
Сегізді тыңдамастан,
Әлгі дауыс қайтты деңіз.
"Бос емес!" деп, тастай салды.
Соңғы "сегіз " жетпей қаяды.
Тағы қиқу, тағы сүрең,
Бір сағаттай уақыт алды.
Қуып жүріп ұстап тағы —
Сағат жарып айқайменен
Таптым, бірақ ұстатпады.
—"Жетпіс-сексен сегіз", — дедім
Оған уақыт жегізбедім.
Бірақ артқы қос звонок,
Асығыс боп айтылған жоқ.
— "Қайдан?" — десем, "Үйден!"-
деді.
Бір ащы тіл сүйреңдеді.
"Мазамды алған неткен неме!" —
Деп киюден именбеді.
"— Кешіріңіз, қос звонок
Айтылмапты... сондықтан боп"... —
Ақтарылды, дым қалған жоқ.
Баяғы айқай, баяғы күй,
Тап болғаным баяғы үй
Ащы дауыс бәсеңдеді,
Құлағы аздап болғандай.
Сықылықтап күліп алды,
Мені сырттан біліп алды.
Еріккенде шолжаң екен,
Айналдырып сөзге салды:
"— Сіз немене, байланысып...
Сөйлесуге жайланысып —
Келе алсаңыз, адресім... " —
Дей бергенде, жайдары,
Біреу жолдан киіп кетті,
Жуан дауыс түйді кетті.
"— Горпищеторг! Горпищеторг!" —
Деп алды да, мықтап сөкті...
"Жоқ, ол емес!" — дегізбеді.
Құрдасы ма, бастығы ма...
Кем-кетікті көп іздеді.
Бір кезде сөз бөлінгенде,
Арасына кірдім мен де.
"— Тоқта, тоқта, тоқта! — дедім,
Жұмсақ сөзің, жылы жүзің,
Басқа айтарың жоқ па?" — дедім.
Сүйтсем ол да, босқа шауып,
Сөйлесер жер жаңа тауып,
Бастырмалап жатыр екен,
Жоқтан-бардан сөзді сауып.
Ұялды ма ? Ол іле салды.
Бу да он минут уақыт алды.
Әрі де жоқ, бері де жоқ,
Барлық жұмыс бітпей қалды.
Баяғы айқай, баяғы шу,
Жарты сағат болды қиқу.
Күні бойы қиқуласып,
Городпен " қалдық ұшырасып,
"— Тірімісіз, сіз!" — деп едім,
"— Қажетім не, сізге менің?.. " —
Деп, тағы да жаба салды,
Таптырмады іздеп едім.
Сылдырлаттым, қоңырау қақтым,
Сырттан айбат шегіп бақтым.
"— Алло, алло, город!" деумен,
Сілем қатып ұйықтап қаппын
Қосылмаған қос звонок,
Әзірінше, хош звонок.
Город, связь жөнделгенде,
Қосылуды тос, звонок!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Терек пен алма

  • 1
  • 2

Терек тұр тәкаппар боп кекірейген,
Жел қақса жапырағы желпең қағып,
Иілсе алма ағаштар бүкірейген,
Қарайды жемісіне ел таң қалып.

Толық

Шляпа мен иесі

  • 0
  • 0

Болмаса да жел күшті,
Шляпа бастан желге ұшты.
Шляпаға иесі, —
Сөз айтып тұр тиесі:

Толық

Қазға еліктеген қарға

  • 0
  • 0

Қарға қаздай байпаңдап,
Болғысы келді байсалды - ақ
Үйренген байғұс секектеп,
Жүре алмады қойқаңдап,

Толық

Қарап көріңіз