Білмеймін кімге жылап, кімге сенем – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Білмеймін кімге жылап, кімге сенем» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 874
Білмеймін кімге жылап, кімге сенем,
Шоқ іздеп қолым күйді күл көсеген.
Мұнарды көңілімді мұң басқанда,
Сәуле ішкім келеді бір Күн кеседен...
«Жылы жүрек» таппадым бір адамнан,
Көңіл деген, көңіл ме, сұрап алған.
Көкірегіне жүзімді көміп тұрып,
Өмірде бір бақыт қой, жылап алған.
Білмеймін, жылаймын ба, күлемін бе,
Мұң ұйып тұрғандай бір гүл өңінде.
Құс жүрекке кеудем тас түрме болды,
Маған қызық жоқ екен бұл өмірде,
Жылай алмай отырмын, күлемін бе?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері