Ойым орман, оранған үміт сағым – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Ойым орман, оранған үміт сағым» атты Қанипа Бұғыбаева жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 678
Ойым орман, оранған үміт сағым,
Тентек сезім қайда сол тұнық шағым.
Жанарына әр жанның жаутаңдайды,
Бала мінез баяғы «ұмытшағың».
«Ақша бұлтын» тербетіп тұнық таңның,
Махамбеттің жырымен рухтандың.
Атырудың толқыны, толқып келіп,
Алатаудың бауырына тұрып қалдың...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері