Өлең, жыр, ақындар

Заманға қарап

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 09.11.2015
  • 0
  • 3
  • 17513
Болғандай мұндай күйде заманамыз,
Жай жатып сахарада қамаламыз.
Болыс, би ет пен шайға мәз болуда,
Қайткенде тура жолды таба аламыз.
Үйренген халықпыз ғой шегіншекке,
Кәсіпсіз сахарада еріншекке.
Байлар жүр малын күйсеп, малын айдап,
Ұйқымен өмірі өтіп тектен - текке.
Жай жату тек бүгінгі жанның қамы,
Қаперсіз сөз жейтұғын малдың қамы.
Өзді - өзін талап жеген әлі жетсе,
Қайуан сахарада аңның қамы.


Пікірлер (3)

Мағжан

Өтірік

Ардақ

Бұл қай уақытта жазылған

Жарас

Өте әсерлі әрі өзекті өлең екен! Ақан Сері Қорамсаұлы «Заманға қарап» деп жырлағанда қазақ қоғамының жалқаулығы, кәсіпсіздігі, басшылардың материалдық игілікке мәз болуы, өмірдің тектен-текке өтуі қалай дәл суреттелген. «Үйренген халықпыз ғой шегіншекке, Кәсіпсіз сахарада еріншекке...» деген жолдардан сол кездегі қоғамның ауруын көреміз, ал бүгін де өзекті сияқты. Ақынның тура жол іздеуі, қамдануға шақыруы – үлкен үндеу. Bilim-all сайтында осындай классикалық сын өлеңдерінің толық мәтіні болғаны қуантады, рахмет! Заман өзгерсе де, адам мінезі өзгермейді екен ғой.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Заманға қарап өлеңінің авторы кім?

Ақан Сері Қорамсаұлы‎ — осы өлеңнің авторы.

Заманға қарап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Заманға қарап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақан Сері Қорамсаұлы‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Заманға қарап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері