Тақырыпсыз өлең

Бұл бетте «Тақырыпсыз өлең» атты Темірхан Медетбек жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 698
Ендіктерді
Ендеп жүгірдім,
Бойлықтарды
Бойлап жүгірдім.
Бүгінге үңілдім
Ертеңнен түңілдім.
Айды алпыс рет,
Жерді
Жетпіс рет айналдым,
(Сол ортада
Жоғалып кетпегеніме
Қайранмын)
Таулардың үстінен
Мұхиттарға секірдім...
Бірде кетілдім,
Бірде жетілдім.
Соның бәріне
Қайырылып қарап,
Соның бәрін
Қамығып ойладым.
Сонан кейін
Аспандағы айыңды
Дауылпаз қып қағып,
Жұлдыздарыңды түймедей көріп
Түртіп ойнадым.
Түннен шығып,
Күндізге кірдім.
Бірде
Аққудай сұңқылдап,
Бірде
Қасқырдай ұлыдым.
(Бірде сорлымын,
Бірде ұлымын)
Бірде нысана,
Бірде оқпын.
Бірде бармын,
Бірде жоқпын.
Бірде жер үстіндемін,
Бірде көр ішіндемін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тақырыпсыз өлең өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Тақырыпсыз өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тақырыпсыз өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тақырыпсыз өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері