Уланғанмын! – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Уланғанмын!» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 670
Уланғанмын!
Полигоннан уланғанмын!
Тар ұғымнан уланғанмын!
Өтіріктен уланғанмын!
Көпіріктен уланғанмын!
Құлдықтан уланғанмын!
Ұрлықтан уланғанмын!
Улана- улана
Бәрінен құр қалғанмын.
Улана- улана
Үнім шекемнен,
Тілім
Желкемнен шығып,
Сабадай бауырым
Сағыздай шайналып,
Ішегім
Шығыршықтай айналып,
Көріктей қос өкпем
Кепкен қуықтай
Сығылып қалған.
(Уланған қай оңсын! –
Тірліктен шығынып барам!)
Содан ба
Өзімнен де у тамады,
Сөзімнен де у тамады,
Ең қиыны —
Аппақ махаббаттың
Аппақ көліне
Шомылып шықты деген
Сезімнен де у тамады...
Уланғанмын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Уланғанмын! өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Уланғанмын! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Уланғанмын! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Уланғанмын! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері