Досты аңсап келем – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Досты аңсап келем» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 841
Жолыққан шақта-ақ ұмыт боп қайғың,
Талас қап,
Шамдануы да,
Таңдануы да жарасты-ақ.
Ойламай өткен тірліктің нарқы, парқын да,
Досты аңсап келем нар көңіл,
Досты аңсап келем әрі асқақ!
Өтсе де тілеп...
Жолыққан сайын бір өртеп,
Жолыққан сайын ширығып,
Жайнап,
Түлер тек,
Жадыратып жанды,
Жарқылдап күліп, жанатын,
Досты аңсап келем бір биік,
Досты аңсап келем шын еркек!
Жолыққан сайын қаяусыз құшар от-деммен,
Алаңсыз досты
Аңсап та келем кептен мен.
Сондай бір досты іздеп-ақ жүрмін шарқ ұрып
Іздеп-ақ келем жаздан да,
Іздеп-ақ қыстан...
Көктемнен!...
Іздеп-ақ келем сондай бір досты шын аңсап,
Жақсылық десе көз жұма тартар ұран сап.
Кінәсі болса құдайдың мінін бетке айтар,
Жігіттен тура айналып,
Айһай, арман не,
Бір өкпесіне тұра алсақ!...
Досты аңсап келем
Айырылмай етер тірліктен,
Онсыз, бәлки, олқы да болар жыр біткен,
Олқы да болар өмірім,
Жүрмін, аңсап-ақ,
Аңсап-ақ,
Аңсап жүрмін-ау
Асыл да досты бір күткен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Досты аңсап келем өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Досты аңсап келем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Досты аңсап келем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Досты аңсап келем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері