Дос тілек – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Дос тілек» атты Сәкен Иманасов жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.06.2021
  • 0
  • 0
  • 797
Мақсұт Нәрікбаевқа

Бұйым болмай бұраң дүние өр-шөлі,
биік ұстап ерге біткен еңсені,
бусанып бір тұрғаныңды көріп ем
Қараталдың қыр жағында мен сені.
Іште бұққан өртіңмен де дертіңмен,
Ұнап едің Лұқпандай көркіңмен.
Қуанып ем
Нар тұлғалы бір жігіт
Туыпты деп шағын ауыл Еркіннен.
Содан бері –
бірде жақын,
бірде алыс,
Қай жақтарға айдаса да түрлі ағыс,
арамызды кіріктіріп мәңгіге,
біріктіріп кетіп еді бір намыс.
Болған шығар жүгіру де, желу де,
Сөйте жүріп жеттің бүгін Елуге.
Тағдыр сенен алатынын алды да,
беретінін аямай-ақ беруде.
Құдай берген зердең де бар, зейінің,
Тұла бойын, толып тұрған мейірім.
Маңайында жүреді ылғи жақсылар,
Ағайынға Алакөлдей пейілің.
Дәнекерлеп азаматтар арасын,
Елім деумен өртенесің, жанасың.
Ердің жасы елуде де еңкеймей,
Тола түсіп, бола түсіп барасың.
Көңіліңді бүтін ұстап жыр буған,
Жүрсің қашып берекесіз ыр-дудан.
Сондай болар қылаң атқа мінген ер,
Жүрген жерің жұрағатқа бір думан.
Алдағысын абыздарша топшылар,
от пен суға мойымаған көк шынар,
баяғының серісі де, салы да,
Әй, білмеймін,
сендей болған жоқ шығар!
Дәл осылай тарта бер, тек мойыма,
әр нәрселер түседі екен ойыңа.
Түйем де жоқ,
Бием де жоқ, не керек
Топтап айдап әкелер ем тойыңа.
Білесің ғой,
Бала жастан мен деген
Берсем деуші ем еңіреген ерге дем,
Жықпылдарда жусап жатқан жылқым жоқ,
қос арғымақ тартар едім көлденең.
Аңырата айтар едім мақтап ән,
Көрер көзге көлгірсу де жат маған.
Артып-тартып келер едім, амал не,
Алтыным жоқ ақ сандықта сақтаған.
Әр сөзімді бұлдап санап іріге
өлең арнап жүрмесем де тіріге.
Аттан жүйрік,
Алтыннан да салмақты
Жырымды алып жеттім туған күніңе!

1990 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дос тілек өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Дос тілек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дос тілек өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Дос тілек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері