Жәркен Бөдешке – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Жәркен Бөдешке» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.06.2021
  • 0
  • 0
  • 609
Қажалып қамыт-дәртеден,
Қажып та жүрген – Жәркен ең.
Жарқ етіп туған жасындай,
Жазып бір кеттің мәрт өлең.
Қытай мен маңғұл арасын,
Шарлап та кетіп барасың.
Қай тұста қатар құрбыдан,
Озып та кетіп қаласың.
Атыңды алыс жаятын,
Аузыңда дұға-аятың.
Азуын айға білеген,
Асады сенен қай ақын?!
Мақтауға мас боп илана,
Дәметпе бірақ сый ғана.
Тапқаның жетсе болды да,
Біз ішер біраз «пивоға».

1995 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жәркен Бөдешке өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Жәркен Бөдешке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жәркен Бөдешке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жәркен Бөдешке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері