Ақ бесік – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Ақ бесік» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1497
Тербелесің тынымсыз, тербелесің,
Тербетумен өмірді сен келесің, ақ бесік.
Сылдырмаққа айналып ай мен жұлдыз,
Күннің өзі үстіңде дөңгелесін, ақ бесік!

Қайырмасы:
Тал бесігім,
Жан бесігім,
Жөргегіңді суытпа!
Балақаным,
Балапаным,
Ән-күйменен
Әлдилеген
Бесігіңді ұмытпа!

Құшағыңа бар әлем сыятындай,
Саған әкеп бар нұрын құятындай, ақ бесік.
Сенен қымбат бар ма екен, уа, дариға-ай,
Балапанның кішкентай ұясындай, ақ бесік!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ бесік өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Ақ бесік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ бесік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ бесік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері