Балаларыма

Бұл бетте «Балаларыма» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1208
Сездіңдер жүрегімде бұлақ барын,
Кім білсін қайда барып тұрақтарын?
Тереңнен қайнап шыққан тұнық еді,
Лайлап ап жүрмеңдер, шырақтарым!
Бас алған асыл текті ақ тұмадан,
Аппақ сүт омырауынан атқылаған.
Кезімде олай-бұлай шапқылаған,
Бұйыртқан содан ғана бақты маған.
Күндіз-түн көкірегімде сылдырайды,
Тәтті ырғақ, тәтті әуеннен жыр құрайды.
Белгісіз, бейіл қояр кім былайғы,
Өзіме бірде ұнамай, бірде ұнайды.
Асыр сап асау тайдай балбұлағым,
Мұздадым...
Жалындадым...
Балбырадым...
Төсеңдер жастығымды, құлындарым,
Түн бойы тағы отырып қалжырадым.

1980


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балаларыма өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Балаларыма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балаларыма өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Балаларыма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері