Көре-көре бой жазып, көсем болып барамын – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Көре-көре бой жазып, көсем болып барамын» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 630
Көре-көре бой жазып, көсем болып барамын,
Сөйлей-сөйлей ой қазып, шешен болып барамын.
Қолымда ешбір билік жоқ, өмірдегі ушыққан,
Ем боламын жырыммен, аузына қай жараның?
Күн қадірін білмеппін, аспандағы күн барда,
Қыран құнын білмеппін, көзімді алдап мың қарға.
Тағы болмай астында, бағы жанбас ақынның,
Ақыл емес адамды теңге билеп тұрғанда...
Көңілім менің соқпайды, жоқты-барды жырлауға.
Жоқты барды жырлауға көңілім менің соқпайды,
Жандырады, күйдіріп, көкірегімді көп қайғы.
Тіршіліктің салмағын көтере алмай, ауырлап,
Менің нәзік жүрегім жүрісінен тоқтайды,
Жарық дүние қас-қағым, қайта айналып соқпайды...
қайта айналып соқпайды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көре-көре бой жазып, көсем болып барамын өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Көре-көре бой жазып, көсем болып барамын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көре-көре бой жазып, көсем болып барамын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көре-көре бой жазып, көсем болып барамын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері