Ұнаған қыран көзің бе – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Ұнаған қыран көзің бе» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 647
Ұнаған қыран көзің бе,
Беймәлім, жұмбақ бұл маған.
Өзіңе деген сезімге,
Еріксіз енді құл болам...
Жақын ғып бізді жаратқан,
Болайын айтшы, кімге алаң.
Сен жайлы өсек таратқан,
Өзгенің сөзін тыңдаман.
Өмірім өлмес өлеңдей,
Бермеші мейлі, күн маған.
Найзағай түскен емендей,
Өртенем, жаным, күл болам.
Қиялмен іздеп жүз бардым,
Айналып күнім түс, түнге.
Көздерден сені қызғандым,
Көзімнің жасын іштім де.
Демейсің, сүйіп «күл еркем»,
Айналдым бейбақ мүскінге.
Сезімім сендік күні ертең,
Күлімнің гүлдер үстінде...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұнаған қыран көзің бе өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Ұнаған қыран көзің бе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұнаған қыран көзің бе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұнаған қыран көзің бе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері