Көңілдің орындалмай көп тілегі – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Көңілдің орындалмай көп тілегі» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 637
Көңілдің орындалмай көп тілегі,
Кеудемді құлын жүрек тепкіледі.
Бейғам ем, бетпе-бет кеп ойда жоқта,
Көзіңнің найзағайы соқты мені!..
Білмеймін мен бе, сен бе, кім кінәлі,
Тартпайды бұрынғыдай бұлбұл әні.
Шағылған сезімімнің әйнектерін
Өзіңсіз құрай алмай жүрмін әлі.
Көзіме дөңгелетіп бар әлемді,
Өткір бір көкірегіме алау енді.
Көзіңнің сол қарасы, қуғыншыдай
Тыншымды қайда барсам ала берді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңілдің орындалмай көп тілегі өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Көңілдің орындалмай көп тілегі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көңілдің орындалмай көп тілегі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңілдің орындалмай көп тілегі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері