Жұлдыздарға сыр ашқан – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жұлдыздарға сыр ашқан» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 540
Жұлдыздарға сыр ашқан,
Қашып кетті түн жырақ.
Әрнені ойлап тұр аспан,
Сұп-сұр болып тұнжырап.
Жыламаса не етеді,
Өзегін ой қамшылап.
Әлсін-әлсін кетеді
Көзінен жас тамшылап.
Бұлт бүр жарып, гүлдейді,
Гүлін жел кеп үрлейді.
Күлерін де білмейді,
Жыларын да білмейді.
Таң атып бір, күн батқан,
Бірде жабық, бірде ашық.
Көк аспанның зіл-батпан
Иығынан тұр басып.
Елші етіп бір тамшысын,
Тамшыға гүл сыр ашқан.
Найзағайдың қамшысын
Үнсіз күтіп тұр аспан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұлдыздарға сыр ашқан өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Жұлдыздарға сыр ашқан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұлдыздарға сыр ашқан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұлдыздарға сыр ашқан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері