Жасырма – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жасырма» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 809
Үндемедің, бірақ та көп қарадың,
Көп қарадың жанымды ноқталадың.
Көңіліңді ақтарып көзің айтса,
Соқырмын ба, сезбейтін жоқ па жаным!
Көп қарадың күйдірді от жанарың,
От жанарың сездің бе өрт саларын.
Азарлы жол кездессе кес-кестетен,
Асау жүрек қалармын соқпағанын.
Соқпағанын қалармын тоқтағанын,
Ауған көңіл айта алман тоқтамағын.
Тез тарайды арайы батар күннің,
Жанарыңды тайдырма, токта жаным.
Жанарыңды тайдырма, тоқта жаным.
Ұшқынынан кеудемде от жағамын.
Жанар сырын жасырма жария қыл,
Қиындықтың талқандап от қамалын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жасырма өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жасырма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жасырма өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жасырма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері